"Үлкен ұлы аман қалған": СҚО-да бес адамның өмірін жалмаған өрттен кейін жасөспірімге көмек көрсетіліп жатыр
Жарияланған күні:

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында үй өртеніп, бес адам көз жұмған болатын. Түн ортасында дабыл қағылып, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше, жер үй қызыл жалынға оранған. "КТК" арнасы қайғылы жайтқа қатысты тың ақпарат ұсынды.
Бұл 100 шаршы метр үйде бес бала тәрбилеп отырған жалғызбасты әке тұрған. Перзенттерінің анасы бірер жыл бұрын ғана қайтыс болыпты. Өзі ауылдағы шаруа қожалығында жұмыс істеген.
Өрт сөндірушілер тілсіз жау жалмап, күлі ғана қалған үйден бес адамның денесін шығарды — 40 жастағы әке және оның үш қызы мен бір ұлы. Ал Петропавлда колледжде оқитын үлкен ұлы сабақта болып аман қалған. Қазір оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Облыс әкімдігі марқұмдардың жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсететін болды.
"Кәмелетке толмаған студент енді колледж жатақханасында тегін тұрады. Оған психологиялық көмек көрсетілуде. Материалдық көмек көрсету және оқу ақысын төлеу мәселесі шешіледі. Алдағы уақытта тұрғын үймен қамтамасыз ету жағы қарастырылады. Жақын туыстарына қамқоршылық ресімдеу мәселесі ерекше бақылауда болмақ", - дейді СҚО әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Әбдіреш.
Дерерккөз: КТК арнасы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2214702-ulken-uly-aman-qalgan-sqo-da-bes-adamnyng-omirin-zhalmagan-ortke-qatysty-tyng-aqparat-belgili-boldy/