jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Оңтүстік Суданда ұшақ апатынан 18 адам қаза тапты

    Ұшақ
    Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

    Оңтүстік Суданда жолаушылар мінген ұшақ апатқа ұшырады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Қайғылы оқиға туралы ақпаратты Miraya радиосы X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында хабарлады.

    БАҚ-тың хабарлауынша, 21 жолаушы мен экипаж мүшелері мінген ұшақ Оңтүстік Судандағы Unity мұнай кенішінен көтерілу кезінде апатқа ұшыраған, 18 адам қаза тапты. Үш адамның жағдайы ауыр.

    Экипаж командирі мен екінші ұшқыштың қаза тапқаны айтылады.

    Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады.

    Қазақстан Көлік министрлігі алдын ала ақпаратқа сәйкес ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады.

    Бортта 42 Әзербайжан, 16 РФ, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан азаматы болған.

    Көп ұзамай Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта 38 адам қаза тапқаны белгілі болды. Өкінішке қарай, аман қалғандардың арасында қазақстандықтар жоқ екені хабарланды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.