Оқыс оқиға

Зектілері

АҚШ-та ұшақ әскери тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлады (видео)

Жарияланған күні:

АҚШ-та ұшақ апаты болған жер
АҚШ-та ұшақ апаты болған жер. Видеодан кадр: x.com/DC_Draino

АҚШ-та Вашингтон әуежайына жақын жерде шағын ұшақ әскери тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлады. Оқиға орнында құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұшақ апаты жайлы ақпарат Колумбия округінің өртке қарсы және төтенше жағдайларда жедел әрекет ету қызметінің Х әлеуметтік желісіндегі аккуантында пайда болды. Хабарламада ұшақтың Потомак-ривер өзеніне құлағаны айтылған. Өрт сөндірушілер оқиға орнында, деп хабарлады ведомство өкілдері.

The New York Times басылымы апат Bombardier CRJ700 ұшағы мен бортында үш адам болған Black Hawk тікұшағы соқтығысқаннан кейін болғанын жазады.

American Airlines сайтының мәліметінше, Bombardier CRJ700 ұшағы 65 адамға шақталған.

American Airlines әуекомпаниясының Х әлеуметтік желісіндегі аккаунтында жариялаған ақпаратқа сүйенсек, апатқа ұшыраған ұшақ Канзастан Вашингтонға бағыт алған.

Вашингтондағы Рональд Рейган атындағы (DCA) әуежайы өкілдерінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлауынша, қонайын деп жатқан және ұшып келетін барлық ұшақтың рейстері тоқтатылған.

Х әлеуметтік желісінің қолданушылары мен ақпараттық арналар желіде ұшақ апаты туралы мәліметтерді бөлісіп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Оңтүстік Суданда жолаушылар мінген ұшақ апатқа ұшырап, 18 адамның қаза тапқанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2216402-aqsh-ta-ushaq-askeri-tikushaqpen-soqtygysyp-ozenge-qulady/