jitsu gif
Оқыс оқиға

    АҚШ-та ұшақ өзенге құлады: кем дегенде 18 адамның денесі табылды

    Потомак өзенінің жағасында тұрған шұғыл қызмет көліктері
    Потомак өзенінің жағасында тұрған шұғыл қызмет көліктері. Фото: Andrew Caballero-Reynolds/AFP via Getty Images

    Вашингтон әуежайының маңында ұшақ пен тікұшақтың соқтығысуы салдарынан кем дегенде 18 адам қаза тапқан. Марқұмдардың денесі Потомак өзенінен шығарылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CBS басылымына сілтеме жасап.

    Басылымның полициядағы дереккөзге сілтеме жасап жазуынша, әзірге ұшақ апатынан аман қалған адамдар табылмаған. Құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

    Өзенге құлаған ұшақ бортында 64 адам, тікұшақ бортында үш әскери қызметші болған.

    Естеріңізге сала кетсек, бүгін таңертен АҚШ-та Вашингтон әуежайына жақын жерде шағын ұшақ әскери тікұшақпен соқтығысып, Потомак өзеніне құлағанын хабарлаған едік.

    Құлаған ұшақ тиесілі American Airlines әуекомпаниясының өкілдері әуе кемесі Канзастан Вашингтонға бағыт алғанын мәлім етті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.