jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ұшақ Арқалық қаласы маңында апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды

    Ұшақ апатты жағдайда қонды
    Ұшақ апатты жағдайда қонды. Кадр: ТЖМ

    5 ақпанда қатты боран кезінде Арқалық қаласынан 1,5 км қашықтықтағы әуежай маңында Қостанай – Арқалық бағытындағы АН-2 санитарлық авиация ұшағы апаттық жағдайда қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "Әуе кемесінде төрт адам болған: екі ұшқыш және екі дәрігер. Оқиға туралы хабар түскеннен кейін Костанай облысының ТЖД өрт сөндірушілері жедел түрде оқиға орнына жіберілді. Облыстық ТЖД мен Арқалық қаласында жедел штабтар құрылып, жедел желі жүйесі жұмыс істейді.

    Құтқарушылардың жылдам әрекеттерінің арқасында ұшақтағы адамдар аман-есен табылып, Арқалық қаласына жеткізілді. Жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр", - делінген ТЖМ-нің ресми Telegram арнасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.