jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Астана вокзалының маңында жарылыс болды: қылмыстық іс қозғалды (видео)

    Будақтаған түтін
    Будақтаған түтін. Фото: instagram.com/astana_brothers

    14 ақпанға қараған түні Астанадағы ескі вокзал маңында жарылыс болды. Қала тұрғындары будақтаған түтінді видеоға түсіріп алған. Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Төтенше жағдайлар министрлігі ҚТЖ ақпаратына сілтеме жасап хабарлағандай, 14 ақпанда Сарыарқа ауданында Гете көшесіндегі 12-сұрыптау жолында платформадағы контейнерде жарылыс болды.

    Оқиға орнына дереу құтқарушылар келіп жетті. Жарылыс соңы өртке ұласпады. Зардап шеккендер жоқ.

    Оқиға салдарынан бір адам қолын жеңіл жарақаттап алды. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы көмек көрсетті.

    Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, деп қосты Төтенше жағдайлар министрлігінде.

    Ал ҚТЖ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, контейнерде эклектр жабдықтары болған.

    "2025 жылғы 14 ақпан сағат 00:30-да. Астана станциясының сұрыптау жолында жүк контейнерінде жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша контейнерде электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған. Контейнер жеке компанияға тиесілі болып шықты. Уәкілетті органдардың қатысуымен тергеу басталды", - делінген ҚТЖ баспасөз хабарламасында.

    Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

    "Көліктегі полиция департаменті оқиғаға қатысты "Жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

    Астана вокзалының маңында жарылыс болды: қылмыстық іс қозғалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.