jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

    Жер сілкінісі. Фото
    Жер сілкінісі. Фото: Petrovich9/Getty Images

    Қазақстан "Сейсмологиялык зерттеу институты" сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 8 наурызда Астана уақытымен 08 сағат 29 минутта жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында ШҚО Зайсан қаласынан 48 километрде таулы аймақта болды. Жер сілкінісінің күші 2 баллға жеткен.

    Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram каналында.

    Осы орайда ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі он қарапайым қадамды назарға ұсынды:

    1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
    2. Жер сілкінгенде лифтті, баспалдақты қолданбаңыз;
    3. Жиhазға, терезеге жақын тұрмаңыз;
    4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында жасырыныңыз;
    5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
    6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндік болса, өшіріңіз;
    7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
    8. Электр желілерден, ғимараттан, ағаштардан аулақ болыңыз;
    9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
    10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

    Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.