jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы маңындағы тағы бір тау шаңғысы курортында қар көшті

    тау
    Тау. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы облысында қар көшкіні жүрді. Оқиға "Ақбұлақ" тау шаңғы курортында болды, деп хабарлайды Kazinform.

    Агенттіктің хабарлауынша, 10 наурыз түскі сағат 15:50-де "Ақбұлақ" тау шаңғы курортында, теңіз деңгейінен 2664 метр биіктікте, көлемі 300 текше метр болатын қар көшкіні өздігінен жүрді.

    Облыстық ТЖД өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, көшкін сайға түскен. Зардап шеккендер жоқ және ештеңе қирамады.

    Оқиға орнына "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі, Алматы облысының ТЖД және курорт әкімшілігінен 5 маман мен 3 техника шыққан.

    "Жағдай бақылауда. Мамандар курорт аумағындағы қар жамылғысына мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

    Алматы маңындағы тағы бір тау шаңғысы курортында қар көшті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.