jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Астанада ауқымды өрт шығып, жатақханадан 50 адам эвакуацияланды (фото, видео)

    Өртенген жатақхана
    Өртенген жатақхана. Фото: ТЖМ

    Астанадағы жатақханада ауқымды өрт шығып, құтқарушылар ғимараттан ондаған адамды, оның ішінде балаларды эвакуациялады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға бүгін таңертең Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойында болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, мансард үлгідегі жатақхананың алты қабатты ғимаратында өрт шыққан.

    "Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте жатақхананың 6 қабатында өрт шыққаны анықталды. Тез арада газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары құрылып, барлау жүргізілді. ТЖМ күштері судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етті.

    Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 50 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. Өрт 1600 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді", - делінген ТЖМ хабарламасында.

    Өрт орнында өрт зерттеу сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

    "Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда", - дейді төтеншеліктер.

    Астанада ауқымды өрт шығып, жатақханадан 50 адам эвакуацияланды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.