Оқыс оқиға

Зектілері

Көкшетауда ерлі-зайыпты жанып жатқан пәтерден үш баласын аман алып шықты (видео)

Жарияланған күні:

құтқару сәті
Құтқару сәтінен кадр: youtube.com/PolisiaKz

9 сәуірде таңертең Ақмола облысындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Өртке оранған пәтерде тұратын ерлі-зайыпты балаларын терезе арқылы сыртқа шығарып үлгерді. Оларға полиция қызметкерлері көмекке келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

Медиа-порталдың хабарлауынша, 9 сәуірде сағат тағы 06:45-те "102" пультіне Центральный шағын ауданындағы №2 Б үйде түтін будақтап жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Қоңырау шалған көршілерінің бірі шұғыл көмек қажет екенін хабарлады.

Оқиға орнына дереу келген "Әскер 5" автопатрульінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Дәурен Түкеев пен Есен Сапар екінші қабаттағы пәтерден түтіннің ортасында қалған бес адамнан тұратын отбасын тапты. Полицейлер көршілермен бірлесіп шұғыл эвакуация ұйымдастырды.

"Анасы түтінді пәтерден 2019, 2022 және 2023 жылы туған үш баланы кезекпен жұбайына табыстады, ол төменгі қабаттағы терезе торына шығып, оларды қабылдап алып, полицейлер мен көмекке асыққан қала тұрғындарына тапсырды", - деп жазады басылым.

Полиция қызметкерлері мен тұрғындардың үйлесімді әрекетінің арқасында отбасы мүшелері соның ішінде ата-аналар бірнеше минут ішінде сәтті эвакуацияланды. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2234369-kokshetauda-erli-zaiypty-zhanyp-zhatqan-paterden-ush-balasyn-aman-alyp-shyqty-video/