jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Кілті ішінде қалған": Қызылордада кішкентай бала құлыптаулы көлікте қалып қойған

    көліктің айнасы
    Көліктің айнасы. Көрнекі фото: pexels.com

    Қызылордада кішкентай бала көліктің ішінде құлыпталып қалды. Құтқарушылар оны көліктен аман-есен шығарып алды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі Telegram-дағы арнасында.

    Қызылордада ТЖМ қызметкерлері құлыпталған көлікте қалып қойған баланы құтқарды. Құтқарушыларға анасы қоңырау шалып, баласы жеңіл автокөліктің ішінде құлыпталып қалғанын хабарлаған. Оқиға Қызылорда қаласында Әбілхайыр хан көшесінде болған.

    "Жедел жеткен ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен есікті зақымдамай ашты. Бала зардап шеккен жоқ", - делінген хабарламада.

    Белгілі болғаны – анасы үлкен ұлын мектепке алып келіп, мектепке дейін шығарып салған, сол кезде көліктің кілті ішінде қалып қойған. Әйел есікті аша алмаған соң құтқарушыларға жүгінген.

    Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.