jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда 21 қабатты тұрғын үйде пәтерден өрт шықты

    өрт
    Оқиға орнынан кадр: t.me/kris_p_almaty_official

    Алматының Бостандық ауданындағы 21 қабатты тұрғын үй кешенінде пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

    "14 сәуірде сағат 11:02-де Гагарин даңғылы, 133Б мекенжайына жіберілген Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары 14-қабаттағы пәтердің балконында, шамамен 5 шаршы метр аумақта тұрмыстық заттардан шыққан өртті тез арада оқшаулады", - деді ведомство өкілдері.

    Өрт сағат 11:20-да толығымен сөндірілген. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

    "Өрт сөндірушілер келгенге дейін ішкі өрт сөндіру кранынан саптаманы енгізген қауіпсіздік қызметінің іс-қимылын ескеру қажет. Өрт сөндіру техникасына тар көшеге қойылған жеке көліктер кедергі келтіргенін атап өткен жөн", - деп хабарлады департаменттегілер.

    Алматыда 21 қабатты тұрғын үйде пәтерден өрт шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram