jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Абай облысында ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылып жатыр (видео)

    Тікұшақ
    Оқиған орнындағы тікұшақ. Кадр: t.me / qr_tjm

    Абай ауданында 110-нан астам өрт сөндіруші мен тікұшақ күнбағыс қабығының жануынан туындаған өртті сөндіруде. Жергілікті тұрғындар эвакуацияланып жатыр. Сенім телефоны іске қосылды, деп хабарлайды Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ТЖМ Telegram-арнасында хабарланғандай, Абай облысы Жаңасемей ауданы Приречное кентіндегі өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан алдымен 40 адам және 16 бірлік техника жұмылдырылған.

    ТЖМ күштері тұрғындарды эвакуациялап жатыр. ️Өртті сөндіру қатты жел тұрғандықтан, күрделене түскен.

    Қазақстанның ТЖМ командалық орталығының базасында жедел штаб құрылып, көп ұзамай өртті сөндіруге ТЖМ, ПД, ЖАО, ЖШС және ТЖМ 68303 әскери бөлімінің 111 адамы мен 33 бірлік техника жұмылдырылды.

    Өрт орнында ТЖМ АМО қызметтері мен ТЖД психологтары жұмыс істеп жатыр. Абай облысының ТЖД жедел желісі ашылды 8 (722) 35-38-36

    Өртті сөндіру үшін Қазақстан ТЖМ авиациясы да жұмылдырылған.

    "ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің тапсырмасы бойынша өрт шыққан жерге ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды.

    Әуе кемесін қолдану өрттің таралуына жедел ден қоюды қамтамасыз ете отырып, өрт сөндірудің жылдамдығы мен тиімділігін арттырады.

    Қазақстанның ТЖМ өртті сөндіру және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр", - дейді министрлікте.

    Абай облысында ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылып жатыр (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.