Оқыс оқиға

Зектілері

Атырауда университет жатақханасының бір бөлігі опырылды

Жарияланған күні:

Опырылған жатақхана ғимараты
Опырылған жатақхана ғимараты. Фото: instagram.com/rsc.atyrau

Атырауда университет жатақханасының бір бөлігі опырылды. Оқиға бүгін таңғы уақытта болған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"22 сәуірде таңғы сағат 06:00 шамасында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №2 жатақханасы ғимаратының ортаңғы бөлігі опырылып түсті", - делінген хабарламада.

Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Жатақханада 2023 жылғы 1 ақпаннан бері ешкім тұрмайды.

"Студенттер даңғылы, 29 мекенжайында орналасқан ғимарат 1972 жылы салынған. 2022 жылдың қараша айында университеттің шаруашылық бөлімі бірінші қабаттың қабырғасынан ақау анықтап, бұл жөнінде тиісті органдарға хабарлаған.

Артынша Атырау облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандары ғимаратқа техникалық зерттеу жүргізіп, оны апатты әрі тұруға қауіпті деп таныды. Осыған байланысты 2023 жылғы 1 ақпаннан бері бұл жатақханада ешкім тұрмайды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада қазіргі уақытта Атырау облысының Құрылыс басқармасы университетпен бірлесіп, апатты қос жатақхананы бұзып, орнына 900 адамға арналған заманауи жаңа жатақхана салуды қолға алғаны айтылған.

Жобалық-сметалық құжаттаманы "Авангард-ОК" ЖШС әзірлеген. Құжаттама қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2238144-atyrauda-universitet-zhataqhanasynyng-gimaraty-opyryldy/