Алматы тауларында тас көшті: қала тұрғыны ғажайыптың күшімен аман қалған (видео)
Жарияланған күні:

Алматының Алма-Арасан шатқалындағы радон көзінде демалып жатқан тұрғын жартастан тас көшкен сәтте ғажайыптың күшімен аман қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан азаматы Нұрсұлтан Оразбаев Instagram желісіндегі парақшасында Алматыдағы Алма-Арасан шатқалында тас құлағанын жазды. Ол жариялаған кадрлардан жартастан құлаған тастар ағаш күркелер мен киім ауыстыратын бөлмелерді қиратқаны байқалады.
Ер адам тас құлаған кезде душ қабылдап жатқан, ол сыртқа жүгіріп шығып, ғажайыптың күшімен аман қалғанын айтуда. Жартастың құлағаны туралы ақпаратты Қазақстан Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті растады.
"Алма-Арасан радон көздерінде (Проходное шатқалы) тас құлады. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары аумақты зерттеу үшін оқиға орнына барды.
Жартастың құлауы салдарынан күрке құрылымы мен учаскедегі киім ауыстыратын бөлменің бір бөлігі зақымданған. Зерттеу барысында радон көзі орналасқан 31,8 га жер учаскесі Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман қоры жерлеріне жатпайтыны анықталды", - делінген комитет хабарламасында.
Комитет радон көзі Алматының Бостандық ауданы мен Алматы облысында орналасқанына назар аударды.
Еске салайық, былтыр желтоқсанда Алматы мәслихаты 2025 жылы Алматыдағы Алма-Арасан радон көзін қалпына келтіруді жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын.
Құзырлы мекеме ақпаратына сәйкес, қолайсыздықтар мен қауіп-қатерге байланысты қала тұрғындары мен туристердің көптеген арыз-шағымы бойынша кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданған.
Бұлаққа соңғы рет 2019 жылы жөндеу жүргізілді, содан бері оның инфрақұрылымы жайлылық пен қауіпсіздіктің заманауи стандарттарына сай болу үшін жаңғыртуды қажет етіп отыр.
"Аса қауіпті аймақтарға қоршаулары бар баспалдақтар орнатылып, бұзылған элементтері күшейтіліп, ауыстырылады. Сонымен қатар барлық аумақтың едені болат тормен жабылады, бұл жазда да, қыста да қауіпсіздікті қамтамасыз етеді", - деп хабарлаған еді мәслихатта.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2241834-almaty-taularynda-tas-koshti-qala-turgyny-gazhaiyptyng-kushimen-aman-qalgan-video/