jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада базардан өрт шықты: адамдар эвакуацияланды (видео)

    өрт
    Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/astanovka98

    Астананың Сарыарқа ауданында орналасқан базардан өрт шықты. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп, қызыл жалынды оқшаулады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Желіде "Шапағат" базарының түтінге оранған сәтінде түсірілген видео жарияланды.

    ТЖМ құтқарушылары базардағы адамдарды эвакуациялап жатқаны хабарланды.

    "Оқиға орнында күштер мен құралдар жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер бойынша ақпарат түскен жоқ", - делінген хабарламада.

    Өрт сағат 11:28-де оқшауланды.

    ТЖМ таратқан алдын ала мәлімет бойынша, шамамен 400 шаршы метр аумақты алып жатқан 10-ға жуық бутикті от шарпыған.

    "Жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің (ГТҚҚ) 5 буыны жұмылдырылды, іште адамдардың бар-жоғы әлі тексеріліп жатыр.

    Өрт орнына суды беруді үздіксіз қамтамасыз ету үшін өртке қарсы гидранттарға қосылған 3 автоцистерна орнатылды", - деп хабарлады ТЖМ Telegram-дағы арнасында.

    Оқиға орнында ТЖД жеке құрамынан 71 адам және 20 техника жұмыс істеді.

    Сағат 12:16 шамасында ТЖМ баспасөз қызметі өрт толығымен сөндірілгенін мәлім етті.

    "Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт толығымен сөндіріліп, одан әрі таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ", - деді Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Мадияр Мырзагелдиев.

    Астанада базардан өрт шықты: адамдар эвакуацияланды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.