"Құдай сақтады": қазақстандық ММА шебері Дубайдағы мейрамханада күтпеген жайтқа тап болды (видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Дубайдағы көпқабатты ғимараттардың бірінде орналасқан мейрамханада өрт шықты. Ол жерде қазақстандық ММА файтері Әділет Айтжанов та болған. Ол оқиға орнынан видео жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Аралас жекпе-жек шебері әрі блогер Әділет Айтжанов Instagram желісіндегі парақшасында оқиға орнынан түсірілген видеоны жариялады. Кадрлардан өрт шыққан жерден көптеген адамның асығыс жүгіріп шығып бара жатқаны, ал кейбірін тіпті күйік шалғаны байқалады.
"Төтенше оқиға болды, құдай сақтап қалды. Тамақ ішіп отыр едік. Жарылды. Басқа ауданға көшетін шығармын", - дейді ол видеода.
Сондай-ақ Әділет Айтжанов зардап шеккендерді дәрігерлер мен құтқарушылардың қалай алып бара жатқанын видеоға түсірген. Қазақстандық файтер өзі дін аман екенін айтып, қолдау көрсеткен оқырманына алғыс білдірді.
Khaleej Times басылымының хабарлауынша, өрт Әл-Барша ауданындағы тұрғын үйден шыққан. Құтқарушылар өрттің тұтануына Халим көшесіндегі 13 қабатты Al Zarooni ғимаратында орналасқан мейрамханада газдың шығуы себеп болғанын айтты.
Vesti.kz порталының хабарлауынша, Әділет Айтжанов Қазақстанда танымал блогер. Ол 2023 жылдың сәуірінде ММА-да дебют жасады. Көпшілікке Упучук лақап атымен танымал блогер бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2244747-qudai-saqtady-qazaqstandyq-mma-sheberi-dubaidagy-meiramhanada-kutpegen-zhaitqa-tap-boldy-video/