jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда тұрғын үй кешені өртеніп, бір адам зардап шекті (видео)

    Өрт
    Өрт. Фото: t.me / qr_tjm

    Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде балкон өртеніп, жалын жоғарғы қабаттың балконына да жеткен. 12 адам құтқарылып, бір әйел ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-каналында хабарланғандай, Алматы қаласының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында орналасқан тұрғын кешендердің бірінде 4-қабаттағы пәтердің балконында өрт болып, жалын жоғарғы қабаттың балконына жеткен.

    "Тығыз отырғызылған ағаштар мен кіреберіс жолдардың жоқтығына қарамастан, өрт сөндірушілердің кәсіби командасы өртті автомобиль сатысынан лафет оқпанын беру арқылы сөндірді", - делінген министрлік хабарламасында.

    ТЖД қызметкерлері баспалдақ маршымен құтқару қалпақшасы арқылы 12 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарды. Ал 1946 жылы туылған кейуана жану заттарынан уланып, ауруханаға жатқызылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.