jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматы облысында қоқыс полигоны өртеніп, көлік қозғалысы шектелді (видео)

    Алматы облысындағы өрт
    Алматы облысындағы өрт. Кадр видеодан: t.me/qazavtojol

    Алматы облысында жол бойындағы қоқыс полигонында ірі өрт болып, салдарынан жолдың аталған учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" хабарлады.

    "2025 жылғы 19 маусым күні сағат 20:30 шамасында Алматы облысында "Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы" автожолының 29-38 шақырым аралығындағы учаскесінде (Байсерке көпірінен Әли көпіріне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.

    Қозғалысқа шектеу қоюға жол бойындағы қоқыс полигонында өрт шығып, қалың түтіннің салдарынан жол көрінбей қалған.

    "Жолды 2025 жылғы 19 маусым сағат 23:00-де ашу жоспарланған. Қозғалысты ресми түрде ашқанға дейін жолға шықпауды ұсынамыз", - деп жазды ведомство.

    Алматы облысында қоқыс полигоны өртеніп, көлік қозғалысы шектелді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.