jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Ақжайық" резерватының аумағындағы өрт толықтай сөндірілді (фото)

    "Ақжайық" МТР
    "Ақжайық" МТР. Фото: Атырау облысының әкімдігі

    "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағындағы өрт толықтай сөндірілді. Бұл туралы Атырау облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "24 маусым сағат 14:00-дегі жағдай бойынша "Ақжайық" МТР аумағындағы өрт толығымен сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша қызыл жалын 1510 гектар аумақты шарпыған", - делінген хабарламада.

    Әкімдіктің мәліметінше, 13 маусымнан бері "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 екі тікұшағы арқылы 396 тонна су төгілген. Өрт шалған аумақтың ауқымын ұлғайтпау мақсатында тракторлардың көмегімен минералды жолақтар жыртылған.

    "Ақжайық" МТР
    "Ақжайық" МТР. Фото: Атырау облысының әкімдігі

    Жалпы тілсіз жауды толықтай сөндіруге 200-ге тарта адам мен 40 техника жұмылдырылған.

    Сондай-ақ өрт қайта тұтанбауы үшін және жағдайды тұрақты бақылау мақсатында ТЖД, полиция және резерват қызметкерлерінің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылған.

    "Ақжайық" МТР
    "Ақжайық" МТР. Фото: Атырау облысының әкімдігі

    "Ақжайық" резерватының аумағындағы өрт толықтай сөндірілді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.