jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Талдықорғанда табиғи газ ауаға атқылады (видео)

    Газ ауаға атқылап жатыр
    Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/krisp.tdk

    Әлеуметтік желіде Талдықорғанда түсірілген видео жарияланды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, табиғи газ ауаға таралған. Бұл видеоға қатысты Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "5-ықшамауданның маңында газ ауаға таралып жатыр. 104-ке хабарластық. Иісі мүңкіп тұр", - делінген желіде жарияланған видео сипаттамасында.

    Бұл видеоға қатысты пікір білдірген Жетісу облыстық ТЖД-ның мәліметінше, 10 шілдеде Төтенше жағдайлар қызметіне газ иісі шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

    Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жерасты жоғары қысымды газ құбырындағы тарату желісінен газ шығып жатқанын анықтаған.

    "Оқиға салдарынан өрт болған жоқ. Газдың шығуы дер кезінде тоқтатылды. Қазіргі таңда қауіп сейілді. Оқиға орнында апаттық газ қызметі жұмыс істеп жатыр. Мамандар жағдайды толығымен бақылауда ұстап отыр", - деп хабарлады ведомстводан.

    Талдықорғанда табиғи газ ауаға атқылады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.