jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бір ер адам Астанадағы Министрліктер үйінің кіреберісіне жанғыш қоспа лақтырған (видео)

    жалын
    Жалын. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Бір ер адам Астанадағы Министрліктер үйінің кіреберісіне жанғыш қоспа лақтырып, салдарынан өрт шыққан. Полицейлер күдіктіні ұстаған деп, хабарлайды Астана қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға орнында түсірілген кадрлар Telegram-дағы Astanovka_98 арнасында жарияланды.

    "Бүгін таңғы сағат 8 шамасында Министрліктер үйінің №11 подъезінде өрт шықты. Бір адам Оқу-ағарту министрлігінің ғимаратына кіріп, турникетке жанғыш қоспа лақтырған", - делінген желіде жарияланған видео сипаттамасында.

    Хабарламада өрттің тез арада сөндірілгені айтылған.

    Елордалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті анықталып, ұсталған.

    "Полиция қызметкерлері Министрліктер үйінің кіреберісіне өрт қойған 24 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Өртті Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тез арада сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ведомстводан.

    Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    Бір ер адам Астанадағы Министрліктер үйінің кіреберісіне жанғыш қоспа лақтырған (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.