jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Терезесін қағып оятқан": Жетісуда фельдшерлер шырт ұйқыда жатқан бір үйлі жанды тілсіз жаудан құтқарды

    фельдшерлер
    Өртенген үй. Видеодан кадр: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

    Жетісуда фельдшерлер түнде шырт ұйқыда жатқан екі балалы отбасын өрттен құтқарды. Олар үйдің жанып жатқанын кезекті шақыртулардың бірінен қайтып бара жатқанда байқап қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Министрліктің мәліметінше, Ескелді ауданының №6/6 жедел жәрдем бригадасы шақыртудан қайтып келе жатқан жолда жанып жатқан үйді байқаған.

    "Фельдшерлер Ғабит Ерғажы, Дамира Рахимова және жүргізуші Мұрат Сәтеков бірден іс-қимылға көшті: олар тоқтап, сирена мен жарық сигналын қосты. Үй жабық болды. Бірақ бригада оған қарамастан терезелер мен есікті қағып, ұйықтап жатқан тұрғындарды оятып, барлығына далаға шығуға көмектесті", - делінген хабарламада.

    Үйде бес ересек адам мен екі бала, оның ішінде омыраудағы бала болған. Олар құжаттарын ғана алып үлгеріп, жалын құшқан үйден қашып шыққан.

    Министрліктің баспасөз қызметі өкілдерінің сөзінше, адамдарды құтқарғаннан кейін бірнеше минуттан кейін үй толығымен өртеніп кеткен.

    "Терезесін қағып оятқан": Жетісуда фельдшерлер шырт ұйқыда жатқан бір үйлі жанды тілсіз жаудан құтқарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.