jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда тұрғын үйден өрт шықты: ТЖД күштері жалынды оқшаулау үшін барын салып жатыр

    Өрт сөндіруші
    Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: pexels.com

    Алматыда Жетісу ауданындағы тұрғын үйден өрт шықты. ТЖД күштері эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Алматы қаласының өрт сөндірушілері Жетісу ауданындағы Ақпаев көшесінде орналасқан 4 қабатты тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіруге тырысып жатыр.

    Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде тұрғын үйдің шатыры лапылдап жанып жатты. ТЖД күштері адамдарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды.

    Өртті сөндіру үшін суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Өртті сөндіруге бірнеше су оқпаны берілді. Өртті оқшаулау үшін барлық шара қабылданып жатыр

    Өртті сөндіру қатты түтін мен жоғары температура салдарынан күрделене түсуде", - делінген министрлік хабарламасында.

    Алматыда тұрғын үйден өрт шықты: ТЖД күштері жалынды оқшаулау үшін барын салып жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.