jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі адам қаза болды

    Шымкент мұнай өңдеу зауыты
    Шымкент мұнай өңдеу зауыты. Фото: gov.kz

    Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі адам көз жұмды, деп хабарлайды "Sputnik Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның Telegram-дағы арнасында жазуынша, ақпаратты агенттік тілшісіне "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС растаған.

    Қайғылы оқиға 26 тамызда болған. Оқшаулау жұмыстарын жүргізу кезінде автокөтергіш аударылып, салдарынан екі жұмысшы қаза тапқан.

    Қайтыс болғандар – мердігер мекеменің жұмысшылары.

    Оқиғаның себебін жұмыс тобы анықтап жатыр. Зауыт жұмысын жалғастыруда.

    Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы оқыс оқиға салдарынан екі жұмысшы зардап шеккенін жазған едік.

    Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі адам қаза болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.