jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы маңындағы ауыл тұрғындары қоқыс полигонынан шыққан көк түтінге тұншығып отырғанын айтты (видео)

    Өтеген батыр
    Өтеген батыр ауылы. Видеодан кадр: instagram.com/ile_krai

    Алматы облысы Іле ауданының тұрғындары қала маңында бірнеше күннен бері өртеніп жатқан қоқыс полигонынан шыққан түтінге тұншығып жатқанын айтып, желіде жергілікті билік өкілдеріне шағымданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қоқыс полигонына жақын маңдағы Өтеген батыр ауылының түтін басқан сәтінен видео Instagram желісінде жарияланды. Видео авторының айтуынша, Іле ауданының орталығы – Өтеген батыр ауылы қоқыс полигонынан 20 шақырым жерде орналасқан.

    "Бүгін, 16 қыркүйек, ауылдан адам шыдамайтын күйіктің ісі шығып тұр, көк түтін. Бұл нағыз экологиялық апат", - деп жазылған видеода.

    Сондай-ақ бейнежазба сипаттамасында автор бүгін таңертең жүрегі айнып, бас ауырсынуымен ұйқыдан оянғанын жазған.

    Желі қолданушылары да авторды қолдап пікір қалдыруда. Кейбірі түтін мен күйік иісі қалада да сезілгенін айтқан.

    "Біз кеше кешке қалада да жағымсыз иісті сездік. Мен біз жақта бірнәрсе өртеніп жатыр деп ойладым", "Тамағымыз бітіп қалды", "Талғар ауданында да осындай", "Айғанымда да осы жағдай", " Бұл сұмдық болды, Байсеркеде дем алатын ауа жоқ. Балалардың басы ауырып жатыр. Бұл не деген шектен шыққандық? Жылда осы қоқыс тастайтын жер өртенеді, әдейі өртейді. Ал аулада шөп жағуға да болмайды, бұл түтіннен қанша адам зардап шегіп отыр", - деп ашуланды желідегілер.

    Бұл жағдайға қатысты Ілеу ауданы әкімдігінің өкілдері пікір білдірді.

    "Алатау қаласында қоқыс полигонынан шыққан өртті сөндіруге 39 техника, 68 адам жұмылдырылды. Оның ішінде облыстық және Алматы қалалық ТЖД, әкімдік, Полиция департаменті, "ҚазАвтоЖол" АҚ және "ADC TAZA ALEM" күштері бар.

    Іле ауданынан 4 техника – 3 самосвал және бір жүк тиегіш жіберілді.

    Оқиға орнында 12 өрт сөндіру көлігі жұмыс істеп жатыр. Суды "Терең қара" өзенінен тікелей ұзындығы 2 км болатын өрт сөндіру түтігіен мотопомпа арқылы алып жатыр.

    Тағы да техника тарту және өртті жою жұмысы жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, 15 қыркүйекте, кешке ТЖМ күштері Алматы облысындағы Әли ауылының қасында орналасқан тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті әлі сөндіріп жатқанын хабарлағанбыз.

    Алматы маңындағы ауыл тұрғындары қоқыс полигонынан шыққан көк түтінге тұншығып отырғанын айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.