jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Алатау қаласында қоқыс полигонындағы өрт салдарынан ТЖ режимі енгізілді

    Полигондағы өрт
    Полигондағы өрт. Фото: Zakon.kz

    Алматы облысындағы қоқыс полигонында орын алған ірі өртке байланысты жаңа Алатау қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Әкімдіктің Instagram-дағы ресми парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Алатау қаласында қоқыс полигонындағы өртке байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы ТЖ режимі енгізілген. Бұл шешім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қабылданды.

    Өрт ауқымды аумақты қамтығандықтан, төтенше жағдай режимін енгізу барлық қажетті күштер мен құралдарды - өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды, арнайы техниканы дер кезінде жұмылдыруға және барлық қызметтердің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді.

    "Қабылданған шаралар салдарды жою жұмыстарын жеделдетуге бағытталған. Жағдай тұрақты бақылауда. Тұрғындардың өміріне еш қауіп жоқ. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр", - делінген ресми хабарламада.

    Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында арнайы тексеріс жүргізіледі.

    "Тұрғындардан сабыр сақтап, ресми ұсыныстарға құлақ асуды сұраймыз", - деді әкімдік өкілдері.

    Алатау қаласында қоқыс полигонындағы өрт салдарынан ТЖ режимі енгізілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.