jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Шассиден от шықты": Қостанайдан Астанаға бет алған ұшақ әуеге көтерілмей жатып тоқтауға мәжбүр болды (видео)

    Ұшақ қанаты
    Ұшақ қанаты. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Сенбі, 11 қазанда QazaqAir әуе компаниясының Қостанайдан Астанаға бет алған ұшағы шассиден шыққан ақауға байланысты әуеге көтерілмей жатып тоқтауға мәжбүр болды. Әуе компаниясы жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    IQ368 Қостанай – Астана рейсінің жолаушылары ұшақтың шассиінен шыққан ұшқынды видеоға түсіріп алған. Видеоны Михаил Козачков Telegram желісіндегі арнасында жариялады.

    "Айтарлықтай ештеңе емес, Қостанайдан Астанаға бет алған Qazaq Air ұшағының шассиінен от шыққан. Маған жеткен ақпарат бойынша, рейс уақыты ауыстырылды", - деп жазды Козачков.

    Vietjet Qazaqstan компаниясының хабарлауынша, 11 қазанда Қостанай әуежайында әуеге көтерілу кезінде ұшақта техникалық ақау анықталған, соның салдарынан ұшу процесі тоқтатылды.

    "Кей жолаушылар шассидің тұсынан ұшқын көргені туралы хабарлады, бұл техникалық байқау кезінде ескеріледі. Әуе компаниясының техникалық тобы тексеру жүргізу және мәселені шешу үшін Қостанай әуежайына жөнелтілді", - делінген хабарламада.

    Жолаушыларға барлық қажетті қолдау шарасы, соның ішінде қонақүйде тұру, билет құнын сатып алған жерінде толық қайтару немесе басқа рейстерге ауыстыру ұсынылды.

    "Әуе компаниясы жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігін абсолютті басымдық деп есептейді және барлық шара ұшу қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарына сәйкестендіріле отырып жүзеге асырылады" - депді компания өкілдері.

    "Шассиден от шықты": Қостанайдан Астанаға бет алған ұшақ әуеге көтерілмей жатып тоқтауға мәжбүр болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.