jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанды "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады

    Ұлдана Мырзуан
    Ұлдана Мырзуан. Фото: : instagram.com/rustemova_aliya

    Астанада тұрғын үй қасбетінің құлауы салдарынан ауыр жарақат алып, кейін қайтыс болған елордалық жедел жәрдем станциясының 23 жастағы фельдшері Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды", - делінген ресми хабарламада.

    23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның көз жұмғаны туралы бүгін белгілі болды. Ақпаратты Астақа қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі растады. Жедел жәрдем қызметкері 8 қарашадан бері жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқан болатын.

    Естеріңізге сала кетейік, 8 қарашада Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен сыртқы қаптама кірпіш пен кондиционер құлаған еді. Құтқарушылар зардап шеккендерді шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

    Белгілі болғандай, оқиға орнында жедел жәрдем фельдшері зардап шекті. Ол ер адамды үйінді астынан алып шықпақ болған кезде оның басына тоғызыншы қабаттан кондиционер құлап кеткен. Жәбірленушіге бассүйек трепанациясы жасалды.

    Тоқаев қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанды "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.