jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Түнде Шымкент пен Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

    жер сілкінісін тіркеу
    Сейсмограф. Иллюстрациялық фото: adventtr/Getty Images

    6 желтоқсан, сенбіге қараған түні Шымкент пен Тараз қалаларының тұрғындары жер сілкінісін сезді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 565 км жерде болды, деп хабарлайды Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ТЖМ мәліметінше, "Сейсмологиялык зерттеу институты" сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 6 желтоқсанда Астана уақыты бойынша 2 сағат 4 минутта жер сілкінісін тіркеді.

    Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 565 километр жерде орналасқан.

    Сезілу күші:

    Тараз бен Шымкент қалаларында – 2 балл

    "Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы туралы мәлімет түскен жоқ", - делінген ТЖМ хабарламасында.

    Осы орайда ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі он қарапайым қадамды назарға ұсынды:

    1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
    2. Жер сілкінгенде лифті, баспалдақты қолданбаңыз;
    3. Жиhазға, терезеге жақын тұрмаңыз;
    4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында жасырыныңыз;
    5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
    6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндік болса, өшіріңіз;
    7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
    8. Электр желілерден, ғимараттан, ағаштардан аулақ болыңыз;
    9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
    10. Қарт адамдарға, балаларға, мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетіңіз.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram