Алматыдан Астанаға бағыт алған Air Astana ұшағында апаттық сигнал берілді
Жарияланған күні:

Алматыдан Астанаға бағыт алған Air Astana әуекомпаниясының ұшағы салонда түтін шығуына байланысты апаттық сигнал берді, деп хабарлайды Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, 17 желтоқсанда сағат 07:38-де Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 тұрақты жолаушылар рейсін орындау барысында Air Astana АҚ-ның пайдалануындағы Airbus A321N EI-KDG әуе кемесінде авиациялық оқиға болды.
"Қазаэронавигация" РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әуе кемесінің салонында түтін пайда болуына байланысты экипаж MAY-DAY апаттық сигналын жариялаған.
Алдын ала мәліметтер бойынша жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.
Қону сағат 07:40-та жүзеге асырылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әуежайының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиғаның мән-жайын анықтып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2321336-almatydan-astana-bagyt-algan-air-astana-ushagynda-apattyq-signal-berildi/