jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда түнде жер сілкінісі сезілді

    Алматы
    Алматы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Дүйсенбі, 21 желтоқсаннан 22 желтоқсанға қараған түні Қазақстанның оңтүстік-шығысында жер сілкінісі сезілді. Сейсмологтар Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан ұлттық деректер орталығы порталының мәліметі бойынша, Қытайда 22 желтоқсанда сағат 2:16-да жер сілкінді. Жер сілкінісінің афтершогы Алматы тұрғындарына да сезілді.

    Сейсмологтардың мәліметі бойынша, Қазақстан мегаполисінде жер сілкінісі 2 балл болып сезілген.

    NUR.KZ тілшісі қосымша ақпарат алу үшін қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне хабарласты.

    Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанның басында Шымкент пен Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді. Оның эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 565 км жерде орналасты. Кейінірек Төтенше жағдайлар министрлігі ешқандай ғимарат немесе басқа да құрылыстардың зақымдалмағанын хабарлады.

    Алматыда түнде жер сілкінісі сезілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.