jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматының Алатау ауданында жеке үй өртенді (видео)

    Өртенген үй
    Өртенген үй. Кадр: ТЖМ

    Алматы қаласының Алатау ауданындағы екі қабатты жеке үйде түнде өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

    Министрлік мәліметінше, Алматы қаласының өрт сөндірушілері Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағынауданында шыққан өртті сөндірген.

    "Оқиға орнына келген соң екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатыры және шатыр астында жиналған макулатураның өртеніп жатқаны анықталды. Өрт оқпандары дереу іске қосылды, өртті толық жою және оның одан ары таралуына жол бермеу үшін барлық шара қабылданды. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. ТЖМ күштері өртті толық сөндірді

    Құтқарушылардың кәсіби әрі үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрттің көрші үйге жайылуына жол берілмеді. Өрт 280 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген министрлік хабарламасында.

    Алматының Алатау ауданында жеке үй өртенді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.