jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанның екі облысының шекарасында жер сілкінісі тіркелді

    елді мекен
    Елді мекен. Көрнекі фото: pixabay.com

    Жамбыл және Алматы облыстарының шекарасында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан ұлттық деректер орталығы ресми сайтының мәліметі бойынша, 2026 жылдың 5 қаңтарында Астана уақыты бойынша сағат 10:15-те (GMT бойынша сағат 5:15) Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 км жерде жер сілкінісі болды. Магнитудасы – 3,7, ал энергетикалық класы – 8,8.

    Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 4 желтоқсанында Алматыда 3 балдық жер сілкінісі сезілді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 км жерде – Қытайда орналасқан. Жер сілкінісі Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында да сезілді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram