jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жамбыл облысында қатты жел салдарынан 13 елдімекен жарықсыз қалды

    Электр желісі
    Электр желісі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Жамбыл облысында екпіні 30 м/с-қа жететін қатты жел соғып, 25 нысанның шатыры бүлінді, 13 елдімекен жарықсыз қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

    Әкімдік мәліметінше, Жамбыл облысына қарасты Т. Рысқұлов ауданында 2026 жылғы 21 ақпанда таңғы 4:00-ден бастап екпіні секундына 30 метрге дейін жететін қатты жел соққан.

    Салдарынан 7 елдімекендегі 25 нысанның шатыры бүлінді. Оның ішінде 8 әлеуметтік нысан бар. Сондай-ақ 13 елдімекенде электр жарығы сөнді, 3 елдімекенде газ өшті.

    "Қазіргі таңда электр жарығы мен газды қалпына келтіруге 9 бригада жұмылдырылды. Зардап шеккен тұрғындар жоқ. Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Нысандарды зерделеу жұмыстары жалғасуда. Коммуналдық желілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

    Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес, оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров жолға шықты", - делінген әкімдік хабарламасында.

    Жамбыл облысында қатты жел салдарынан 13 елдімекен жарықсыз қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.