jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Щучинск кафесінде жарылыс болып, жеті адам қаза тапты (видео)

    Жарылыс
    Жарылыс болған сәт. Кадр: Instagram / shchuchinsk.city

    Ақмола облысы әкімдігінің Instagram парақшасындағы жазбаға сәйкес, Щучинск қаласындағы кафеде жарылыс болып, жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ақмола облысы ТЖД мәліметінше, Бурабай ауданының Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, өрт шыққан.

    Хабарлама түскеннен кейін 5 минут ішінде Ақмола облысының ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына келді.

    Өрт сөндірушілер жанған ғимараттан 8 газ баллонын алып шықты және 10-нан астам адамды құтқарды. Өрт толығымен сөндірілді. Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда. Ақмола облысы ТЖД-де жедел желі телефоны іске қосылды: 8 (7162) 514-298.

    Оқиға орнына ТЖД басшылығы, облыс әкімінің орынбасары, барлық ТЖД бөлімшелері, соның ішінде өрт сөндіру есептері, құтқару топтары, медициналық қызметтер мен полиция, газ-техникалық инспекция келді. ТЖМ санавиациясы және жедел медициналық көмек машиналары жоғары дайындыққа алынды.

    Әкімдік мәліметінше, барлығы 26 адам зардап шекті, оның ішінде:

    • 7 адам қаза тапты (оның бірі – 16 жастағы қыз).
    • 13 адам Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылды.
    • 6 адам амбулаториялық бақылауға жіберілді.

    "Денсаулық сақтау басқармасы тарабынан қосымша медициналық бригадалар жедел түрде жасақталды. Барлық қажетті ресурс жұмылдырылды: мамандар, дәрі-дәрмектер, санитарлық авиация оқиға орнына бағытталды.

    Оқиға орнында облыстық жедел штаб жұмыс істеуде. Оқиғаның себептері анықталуда. Ақмола облысының әкімдігі қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді", - делінген әкімдік хабарламасында.

    Щучинск кафесінде жарылыс болып, жеті адам қаза тапты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.