jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    ТЖ вице-министрі Семейде өртенген балалар орталығының қауіпсіздігі неге тексерілмегенін айтты

    Семей
    Семейдегі балалар ойын-сауық орталығы. Фото: instagram.com/abai_zdrav/

    Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев сенат кулуарында Семейдегі балаларға арналған ойын-сауық орталығындағы өрт туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, BALA PARK ойын-сауық орталығында өрт шыққаны туралы ақпарат түскен соң өрт сөндірушілер оқиға болған жерге 5-6 минут ішінде жетіп, өртті сөндіруге кіріскен.

    "Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Тексеру туралы айтар болсақ, бұл нысан жаңа болғандықтан ол жерде әлі тексеру жүргізілген жоқ. Қылмыстық іс қозғалды, ресми себепті анықтау үшін тиісті сараптамаларды күтуіміз керек", - деп түсіндірді ол.

    Жалпы, оның айтуынша, мұндай ғимараттар өтініш немесе шағым бойынша тексеріледі.

    "Кемшіліктердің сипатына байланысты тиісті әкімшілік шаралар қолданылады, соның ішінде мекеменің жұмысын тоқтата тұру да бар" - деді Кеген Тұрсынбаев.

    Еске сала кетейік, 3 наурызда Семейде балалар ойын-сауық орталығынан өрт шыққанын хабарлағанбыз. 11 адам дәрігер көмегіне жүгінген еді.

    ТЖ вице-министрі Семейде өртенген балалар орталығының қауіпсіздігі неге тексерілмегенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.