jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шахтинскте газ баллоны жарылды: 8 адам зардап шекті, арасында полиция қызметкерлері де бар

    Шахтинсктегі өрт
    Шахтинсктегі өрт. Видеодан кадр: instagram.xom/shk_kz

    Шахтинск қаласындағы тұрғын үйде газ баллоны жарылып, бірнеше адам зардап шекті. Олардың ішінде полиция қызметкерлері де бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қарағанды облысы ТЖД 112 пультіне полициядан Шахтинск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ-ауа қоспасының жарылысы болғаны туралы хабарлама түсті.

    "Хабарлама келіп түскеннен кейін 4 минут ішінде ТЖМ күштері мен құралдары оқиға орнына жетті. Келген кезде жиһаз бен тұрмыстық заттар жанып жатқаны анықталды.

    Құтқарушылардың күшімен баспалдақ арқылы жоғарғы қабаттардан 5 адам эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері де тұрғындарды эвакуациялаған, қалған тұрғындар өз бетінше ғимараттан шыққан", - дейді ТЖМ баспасөз қызметі өкілдері.

    Тұрғындар ТЖМ вахталық автокөлігінде жылынған. Сондай-ақ жылыту пункті ашылды. Оқиға салдарынан 8 адам зардап шекті, оның ішінде бесеуі – полиция қызметкерлері. Барлығы медициналық мекемеге жеткізілді.

    ТЖМ күштері 40 шаршы метр аумақтағы өртті толық сөндірді. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда. Оқиға орнында ТЖД бастығының жетекшілігімен өрт сөндіру штабы құрылды. Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімшелері, құтқару топтары, сондай-ақ медицина қызметкерлері, полиция және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс істеуде.

    Шахтинскте газ баллоны жарылды: 8 адам зардап шекті, арасында полиция қызметкерлері де бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.