jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыдағы Солтүстік айналма жол аумағында салынып жатқан үш қабатты ғимарат өртенді (фото, видео)

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Кадр: t.me/qr_tjm

    Алматы қаласының Алатау ауданындағы Солтүстік айналма жол аумағында салынып жатқан әкімшілік ғимарат өртенді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, cалынып жатқан үш қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры жанған.

    Оқиға орнына келгеннен кейін өрт сөндіруші-құтқарушылар санаулы минуттар ішінде шатырға көтеріліп, өртті сөндіруге 6 су оқпанын берді.

    Өрт ошақтарын анықтау үшін бензокескіштер қолданылып, өрт сөндіру автосатылары орналастырылды, сол арқылы да су берілді.

    Оқиға орнында ТЖД Құтқару қызметінің эвакуаторлары жұмыс істеп, тұрақта тұрған автокөліктерді қауіпсіз жерге жылжытты. Жедел штаб құрылды. Полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды. Өртті сөндіруді Алматы қаласы ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетов басқарды. Өртті сөндіруге 60-тан астам жеке құрам және 20-ға жуық техника жұмылдырылды.

    Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Өрттің аумағы 1000 ш.м. құрады.

    Зардап шеккендер жоқ.

    Алматыдағы Солтүстік айналма жол аумағында салынып жатқан үш қабатты ғимарат өртенді (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.