jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматы облысында жолдың бір бөлігі опырылды (видео)

    Опырылған жол
    Опырылған жол. Видеодан кадр: t.me/qazavtojol

    Алматы облысында "Кеген – Нарынқол" автожолының бір бөлігі опырылды. Учаскедегі көлік қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ұлттық компанияның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, 2026 жылғы 3 сәуір сағат 11:30 шамасында республикалық маңызы бар "Кеген – Нарынқол" автожолының 20-шақырымында еріген суларды өткізу кезінде қолданыстағы су өткізу құбырының зақымдануы және жол төсемінің шайылуы тіркелген.

    "Аталған учаске бұған дейін су тасқыны қаупі бар аймақтар қатарына жатпаған. Қазіргі уақытта бұл жол бөлігі орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты мердігер ұйымның қарауында", - делінген хабарламада.

    Бұл жайттан кейін учаскеде қозғалыс уақытша шектеліп, көлік қатынасы қиыршықтасты жол арқылы ұйымдастырылған.

    "Жағдай тиісті қызметтердің тұрақты бақылауында. Қазіргі уақытта шамамен 20 арнайы техника жұмылдырылып жатыр.

    Жақын арада қиыршықтас төсемі бар уақытша айналма жол салу жоспарланып отыр. Су өткізу құбыры мен жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары еріген судың өтуі толық аяқталғаннан кейін басталады", - делінген хабарламада.

    "ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, бұл учаскемен тәулігіне шамамен 500 автокөлік өтеді. Жол 1960-1970 жылдары салынған.

    Алматы облысында жолдың бір бөлігі опырылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.