Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртенді (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақтөбеде облыстық әкімшілік ғимаратының шатыры өртенді. ТЖМ өрттің оқшауланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
ТЖМ құтқарушылары Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырындағы өртті сөндірді.
"Оқиға орнына 5 минут ішінде ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде келіп жетті. Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, өртті толық жою бойынша барлық шара қабылданды. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Адамдарды эвакуациялау жүргізілуде", - делінген ТЖМ-нің алғашқы хабарламасында.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге 140-тан астам қызметкер және шамамен 40 бірлік техника жұмылдырылды. ТЖМ күштері 300 ш.м. аумақты шарпыған өртті толық сөндірді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2362933-aqtobe-oblysy-akimdigining-gimaraty-ortendi-video/