jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Сәтбаевтағы пәтерден өрт шығып, бір адам зардап шекті (видео)

    Тұрғындарды құтқару сәті
    Тұрғындарды құтқару сәті. Кадрлар: ТЖМ

    Сәтбаев қаласындағы тұрғын үйде өрт шығып, пәтер иесі жарақат алды. Сондай-ақ ғимараттан төрт бала құтқарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

    Сәтбаев қаласы, Ерденов көшесінде орналасқан 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде өрт шықты.

    Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жедел келіп жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде пәтер жанып жатқан. Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, барлау жүргізіліп, өртті сөндіру жұмыстары басталды.

    Құтқару жұмыстары барысында жанып жатқан пәтерден пәтер иесі құтқарылып, түтіннен улану белгілері байқалғасын, ауруханаға жеткізілді.

    Көрші пәтерден автосатының көмегімен 4 бала құтқарылды.

    Сәтбаевтағы пәтерден өрт шығып, бір адам зардап шекті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.