Астанада өрт болған пәтерден 3 баланың денесі табылды: қылмыстық іс қозғалды
Жарияланған күні:
Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өрт кезінде кәмелетке толмағандардың мәйіті табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Өткен түнде Астана қаласы Есіл ауданындағы 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Салдарынан бір әйелді күйік шалған. Сондай-ақ пәтерден үш баланың денесі табылған.
Аталған қайғылы жайтқа бойынша NUR.KZ тілшісіне Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алды. Арнайы техниканың кедергісіз өтуі үшін аулада тұрған көлік құралдары жедел түрде шығарылды.
Өрт салдарынан үш кәмелетке толмаған бала қаза тапты. Тергеу амалдарының қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға беріледі", - деп атап өтті полиция өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2364630-astanada-ort-bolgan-paterden-3-balanyng-denesi-tabyldy-qylmystyq-is-qozgaldy/