jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Металл есік, екі құлып орнатылған": Астанада үш баланың өмірін жалмаған өртке қатысты ТЖД мәлімдеме жасады

    Өрт сөндіруші өртті сөндіруге кетіп барады
    Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Асталан қалалық ТЖД бүгін түнде тұрғын үйдің 15-қабатында болған өртке қатысты мәлімдеме жасады. Ведомство хабарлауынша, ауладағы кіреберіс металл қақпалармен жабылып, аулада автокөліктер көптеп тұрған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қалалық ТЖД мәліметінше, ТЖМ күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жеткен. Алғашқы бөлімшелер келген кезде пәтердің бүкіл аумағы ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Пәтер металл есікпен жабылған, екі құлып орнатылған, оны құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен бұзып ашғаны белгілі болды.

    "Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден бір әйел құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды.

    ТЖД қызметкерлері жоғарғы қабаттардан 20 адамды эвакуациялады, тағы 40-қа жуық адам ғимараттан өз бетімен шықты. Өрт толық сөндірілді.

    Өрт дабылы мен хабарлау жүйесі іске қосылып, лифтілер бірінші қабатқа автоматты түрде түсті. Сонымен қатар, ауладағы кіреберіс металл қақпалармен жабылып, аула автокөліктермен толтырылғанына қарамастан, ТЖД күштері өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берген жоқ.

    Өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның мән-жайы мен шығу себебін анықтау үшін сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады департамент өкілдері.

    "Металл есік, екі құлып орнатылған": Астанада үш баланың өмірін жалмаған өртке қатысты ТЖД мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.