jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Павлодарда әскери қызметші көз жұмды, тағы бірі оқ жарақатын алды

    қару
    Қару. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Павлодарда Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінің бірінде атыс болып, салдарынан келісімшарт бойынша әскери қызметші көз жұмды, оның әріптесі жарақат алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

    Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Павлодар қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде болған оқиғаға қатысты қылмыстық істер қозғалды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшарт бойынша әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқы атып, салдарынан өзі сол жерде көз жұмды, тағы бір келісімшарт бойынша әскери қызметші жараланды.

    Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Зардап шеккен әскери қызметшіге қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

    Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің Әскери тергеу департаментінің бақылауында.

    ІІМ өкілдері нақтыланбаған ақпаратты таратудан аулақ болуға шақырады.

    Павлодарда әскери қызметші көз жұмды, тағы бірі оқ жарақатын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.