jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығынан жүзден астам жылқы қырылды

    Жазық даладағы бір үйір жылқы. Көрнекі сурет
    Жазық даладағы бір үйір жылқы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Маңғыстау ауданында жауған нөсер жылқылардың қырылуына себеп болды. Жаңбырдан кейін жануарлар тұзды батпаққа батып қалған, деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Әкімдік бұған қатысты түсінік берді.

    Жергілікті тұрғындар малдың қырылғаны туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады. Олардың айтуынша, әр үйден 10 шақты бас жылқы қырылған.

    "Маңғыстауда қатты жаңбырдан кейін Ақшымырау ауылының маңындағы мал сортаң батпаққа батып қалды. Көп жылқы тұзды батпаққа батып арам қатты, тағы бірнешеуі шыға алмай қалды. Егер Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті билік көмек көрсетпесе, жағдай одан сайын ушығуы мүмкін", - деп жазды ауыл тұрғындары.

    Олар заң шығарушылар мен жануарлар құқығын қорғаушыларды мәселеге назар аударуға шақырды.

    Кейінірек жергілікті әкімдік басылымға Маңғыстау облысының Сайөтес ауылында тіркелген қолайсыз ауа райының салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

    Хабарламада облыс орталығынан 120-150 шақырым қашықтықта орналасқан Сайөтес пен 7-разъез арасындағы аумақта теміржол желісі бойында жиналған малдың қырылғаны анықталғаны хабарланды.

    Жағдайды бағалау үшін 16-17 сәуірде мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссия құрылды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, 100-ден астам жылқы анықталды. Жергілікті билік қазіргі уақытта өлген мал санын анықтауда, себебі иелері толық түгендеу жұмыстарын жүргізе алмайды.

    Малдың қырылуына ауа райының қолайсыздығы — қатты жел мен нөсер себеп болған деп хабарланды. Бағытынан адасқан жануарлар адам аяғы жетуі қиын жерлерге тап болып, батпақты жерде арам қатты. Кей үйір жылқы елді мекендерден 60-80 шақырым қашықтықта қырылған болуы мүмкін.

    Жоғалған малды іздеу үшін дрондарды пайдаланып әуеден мониторинг жүргізілді. Облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен арнайы топтың отырысы өтті, одан кейін мұнай-газ компанияларына қосымша техникалық қолдау көрсету тапсырылды.

    Қазіргі уақытта облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Маңғыстау ауданында тұрғындармен кездесулер өткізіп, барлық қажетті жұмысты жергілікті жерде үйлестіріп жатыр.

    "Оқиға салдарын жою үшін барлық күш пен ресурс жұмылдырылды: ірі аймақтық кәсіпорындардың, төтенше жағдайлар қызметтерінің және жергілікті билік органдарының техникасы тартылды. Су сору және қалпына келтіру жұмыстары күшейтілген қарқынмен жалғасуда. Жағдай мұқият бақыланып отыр. Мал иелерімен байланыс орнатылып, заманауи бақылау жабдықтары мен арнайы техника іске қосылды", - деп хабарлады Маңғыстау ауданы әкімдігі өкілдері.

    Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығынан жүзден астам жылқы қырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.