jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Павлодар облысында қатты жел салдарынан нысандардың шатыры бүлініп, адамдар жарақат алған (фото, видео)

    Екібастұз қаласы
    Екібастұз қаласы. Фото: instagram.com/ekibas_v_teme

    Кеше, 26 сәуірде Павлодар облысында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетіп, кейбір нысандарға зақым келген, сондай-ақ қолайсыз ауа райы салдарынан зардап шеккендер де бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Павлодар облыстық ТЖД-ның мәліметінше, 26 сәуірде күн райының бұзылуы және желдің күшеюі салдарынан Павлодар облысының аумағында әртүрлі нысандарда шатырлар зақымдануының 29 фактісі тіркелген.

    Өңірдің алты аймағында – Екібастұз қаласы мен Ақтоғай, Ертіс, Тереңкөл, Железин, Успен аудандарында көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлердің, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің, әкімшілік ғимараттардың, сауда нысандарының шатырларына зақым келген.

    Сонымен қатар 36 елді мекенде электр қуаты өшіп қалған, облыстың 14 елді мекенінде 1009 абонент жарықсыз қалып отыр. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Қазіргі уақытта барлық шұғыл және коммуналдық қызмет апаттың салдарын жою және зақымданған инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша жұмысты жалғастыруда.

    Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, қолайсыз ауа райы салдарынан екі әйел зардап шеккен.

    Ақтоғай ауылында шатырдан құлаған шиферден 1985 жылы туған әйел жарақат алған. Ол бетінің жұмсақ тіндеріндегі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілген.

    Сондай-ақ Павлодар қаласында 34 жастағы әйелге дәрігерлердің көмегі қажет болған. Белгілі болғандай, оның үстіне Камзин көшесіндегі үйлердің бірінің жанынан өтіп бара жатқан кезде ағаш бұтағы құлаған. Пациент Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілген.

    Ол бассүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған, сонымен қатар маңдай тұсында гематома пайда болған.

    Павлодар облысында қатты жел салдарынан нысандардың шатыры бүлініп, адамдар жарақат алған (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.