jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Өскемендегі зауыт аумағында жарылыс болды (видео)

    түтін
    Түтін. Фото: instagram.com/oskemenlive

    Өскеменде төтенше жағдай: қаладағы зауыт аумағында шаң ұстау құрылғысында газ-ауа қоспасы жарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, Өскемендегі зауыттың аумағында, шаң ұстау цехындағы шаң ұстау құрылғысында газ-ауа қоспасы жарылып, кейін жанған. Сонымен қатар ғимараттың бір бөлігі ішінара опырылған.

    "Оқиға орнында ТЖМ бөлімшелері жұмыс істеуде, зардап шеккендердің бар-жоғына барлау жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі өкілдері.

    Оперативтік штаб құрылды.

    Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда.

    Өскемендегі зауыт аумағында жарылыс болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.