jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Өскемендегі зауытта өрт толық сөндірілді: зардап шеккендерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

    оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: t.me/qr_tjm

    ТЖМ күштері Өскемендегі өртті толық сөндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    "Құрылымдарды бөлшектеу және зардап шеккендерді іздеу жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ Қазақстан ТЖМ Стратегиялық жоспарлау орталығының базасында жедел штаб құрылды.

    ТЖМ баспасөз қызметі Telegram желісінде оқиға болған жерден видео жариялады.

    Ведомство мәліметінше, оқиға орнында құтқарушылар, кинологиялық есептоптар және ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасының дәрігерлері жұмыс істеп жатыр.

    Өскемендегі зауытта өрт толық сөндірілді: зардап шеккендерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.