Қорғаста қазақстандықтарға тиесілі 17 жүк көлігі отқа оранды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы Қорғас халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында төтенше жағдай тіркелді: қазақстандық жүк тасымалдайтын көліктер өртенді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Желіде төтенше жағдай кезінде түсірілген бейнежазбалар жарияланды. Кадрлардан Қорғаста жүк көліктерінің өртеніп жатқанын байқауға болады.
Жетісу облыстық ТЖД өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, Қытай жағындағы шекара аумағында 4 мамырда өрт шыққан.
"Алайда 101 және 112 шұғыл қызметтеріне ешқандай хабарлама түскен жоқ, себебі бұл аумақ ҚХР-ға тиесілі" - деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі өкілі.
Панфилов ауданы әкімдігінің taldykorganec_kolesa паблигіне берген мәліметі бойынша, өрт Қытай аумағында болған. Ресми мәлімет бойынша, ТЖ кезінде Қазақстанның 17 жүк көлігі өртенген.
Барлық тексеру жұмыстары Қытай жағында өтеді.
"Өз тарабымыздан мәлімдейміз: өртеніп кеткен жүк көліктерінің жүргізушілері мен иелерін тастап кетпейміз – біз заңды және жан-жақты көмек көрсетеміз" - деп атап өтті әкімдіктегілер.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2373919-qorgasta-qazaqstandyqtarga-tiesili-17-zhuk-koligi-otqa-orandy-video/